top of page

ФЛАНДРИЯ ДАЛАСЫ

Фландрия даласы
Үнсіз тынған ауасы
Алқызыл шешек тоғайы
Гүлдері сап түзеген
Далаға қызыл себілген
Опат болған жандардың
Бейіттерін жабады
Қатар-қатар тізілген
Сайраған дала торғайы
Зеңбірік даусын өшірген
Кеше ғана бар едік
Міне бүгін көз жұмдық
Фландрия жерінде
Ендігі кезек сендерде
Қару алып қолыңа
Барыңды сал жолыңа
Бйік көтер туыңды
Үрей қонсын жауыңа
Егер сертте тұрмасаң
Осы жапан далада
Алқызыл майса жаһанда
Мәңгі ұйқымыз бұзылар
Тыным таппай қашанда.
Бұл қай жер деп сұрасаң
Фландрия даласы!

Translated to Kazakh by Bolat Kydyralin

bottom of page